Ташкент халықаралық инвестициялық форумы басталды
Халықаралық конгресс орталығында екінші Ташкент халықаралық инвестициялық форумы басталды. Онда Президент Шавкат Мирзиёев сөз сөйлеуде.
Мемлекет басшысы осы форум аясында Өзбекстанның жақын достары және сенімді серіктестері болып табылатын шетел үкіметтері мен халықаралық қаржы институттарының өкілдерімен, сондай-ақ беделді компаниялардың жетекшілерімен кездесулер игі дәстүрге айналып отырғанын атап өтті.
–Сіздердің қонақжай өлкемізге сапарыңызды елімізге деген құрмет пен реформаларымызға деген сенімнің белгісі ретінде қабылдаймыз», - деді Президент.
Қазіргі таңда халықаралық аренадағы күрделі де қауіпті үдерістер мен болжауға болмайтын өзгерістер әлемдік экономиканы шындап сынақтан өткізіп жатқаны атап өтілді.
Мұндай қайшылықты жағдайда бүгінгі кездесу екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға, бизнестің жаңа мүмкіндіктерін ашуға қызмет ететініне сенім білдірілді.