Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент халықаралық инвестициялық форумы басталды
11:00 / 2022-03-24

Ташкент қаласындағы Халықаралық конгресс орталығында Ташкент халықаралық инвестициялық форумы басталды.

Айтулы форумға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев қатысып, пленарлық отырыста сөз сөйледі.

Форумға халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары, әлемнің 56 елінен 1500-ге жуық ірі инвесторлар мен жоғары мәртебелі меймандар қатысуда. Атап айтқанда, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Азия даму банкінің президенттері, министрлер, ірі корпорациялары мен компанияларының басшылары қатысуда.

Форум пленарлық және салалық отырыстар, дөңгелек үстелдер, презентациялар, брифингтер сияқты бірқатар шараларды қамтиды.

Бұл конференция Өзбекстан экономикасына қажетті перспективалық жобаларды таныстыру алаңы болмақ. Елдегі мүмкіндіктер, шетелдік инвесторлар үшін жасалған жағдайлар мен тартымды бағыттар таныстырылады.

Үкіметтің елді стратегиялық дамыту, жеке секторды ынталандыру, халықаралық байланыстарды нығайту және басқа да салалардағы үкіметтің басымдықтары айқындалады.