Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент халықаралық инвестициялық форумы аяқталды: 30,5 миллиард долларлық келісімдерге қол қойылды
21:38 / 2025-06-12

Бүгін Ташкент қаласындағы» САЕХ UZBEKISTAN» халықаралық көрме орталығында Ташкент халықаралық инвестиция форумы өз жұмысын аяқтады.

Осыған орай аталған орталықта Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратовтың қатысуымен брифинг өтті.

Лазиз Қудратов сөзінің басында Орталық Азиядағы ең ірі инвестициялық алаң – IV Халықаралық инвестиция форумының сәтті өткенін мәлімдеді.

– Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев екі ірі шара – форумның ашылуына қатысып, Шетелдік инвесторлар кеңесінің 3-сессиясына төрағалық етті. Бұл маңызды кездесулер жетекші халықаралық инвесторларды, мемлекеттік мекемелерді, қаржы институттары мен бизнес өкілдерінің басқосуына себеп болды.

Биылғы форумға 8 мыңнан астам делегат, соның ішінде 97 елден 3 мыңға жуық шетелдік қонақ келді. Мұндай кең ауқымды басқосу Өзбекстанға деген сенім мен қызығушылықтың артып келе жатқанының белгісі.

[gallery-23879]

Сондай-ақ форумда 150-ден астам танымал спикер қатысқан 36 панельдік сессия өтті. Ташкент инвестиция форумында алғаш рет салалық көрме ұйымдастырылды. 12 мың шаршы метрді қамтыған көрмеде электротехника, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі, тоқыма, былғары, құрылыс материалдары, машина жасау, тау-кен өнеркәсібі, металлургия, энергетика, автомобиль жасау, химия, қаржы қызметтері, IT, туризм және басқа да салаларда шетелдік инвесторларға жоба ұсыныстарын ұсынған 100-ге жуық жергілікті кәсіпорындар таныстырылды.

Көрмеге күн сайын 2000-нан астам адам келді, 500-ден астам B2B және B2G кездесулер өтті.

Форум аясында жалпы құны 30,5 миллиард долларды құрайтын инвестиция және сауда келісімдері жасалды.

Келесі жылы сіздерді жаңа идеялар, озық бастамалар және инновациялық форматтармен Ташкентте қарсы аламыз. Баршаңызға еңбектеріңіз бен жанкештіліктеріңіз үшін алғыс айтамын, – деді брифинг соңында министр.

суреттерді түсірген О.Пардаев, ӨзА