Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент әуежайында жалған төлқұжатпен ұшпақ болған 7 ауған азаматы ұсталды
10:25 / 2022-08-16

Ташкент әуежайында Ұлыбританияның жалған төлқұжатымен 7 ауған азаматы қамауға алынды.

ІІМ Көлік және туризм нысандарындағы қауіпсіздік департаментінің хабарлауынша, 5 тамызда Ташкент-Лондон бағыты бойынша ұшқысы келген жолаушыларды төлқұжаттық тексеру кезінде олардың Ұлыбритания азаматтығының төлқұжаттарын көрсеткен.

Тергеу барысында олардың Тәжікстанда болған кезінде Ұлыбритания азаматтығының жалған төлқұжаттарын заңсыз иемденіп, осы төлқұжаттармен Өзбекстан арқылы Лондонға ұшпақ болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта қолға түскендерге Қылмыстық кодекстің 228-бабы (құжат, мөр, бланкіні дайындау, оларды қолдан жасау, өткізу немесе пайдалану) 2 және 3-бөліктерінің «б» тармағы, сондай-ақ 223-бабының 2-бөлігі «б» және «в» тармағы (бір топ адамдар тарапынан алдын ала сөз байласу арқылы Өзбекстаннан шетелге заңсыз кетуге әрекеттену) мен 25-бап (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.