Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент әуежайында жаңартылған СIP-зал ашылды
13:41 / 2022-09-29

Ташкент халықаралық әуежайында жаңартылған CIP-зал ашылды.

Uzbekistan Airports баспасөз қызметінің хабарлауынша, СIP-зал ұшып кету терминалының бірінші қабатында орналасқан. Ташкентке келген жолаушылар оған ұшақтан арнайы автобустармен жеткізіледі.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін залда жеке төлқұжаттарды бақылау бөлмелері мен жүкті жедел жеткізу қызметі, 75 жайлы орын, тегін WI-FI және Duty Free дүкені бар. 

Ташкентке келген жолаушылар үшін CIP залы арқылы өту бағасы 350 000 сумды құрайды.

CIP-зал (Commercial Important Person) – Ташкент әуежайына ұшатын барлық авиакомпаниялардың қызметтерін пайдаланатын жолаушыларды қарсы алуға немесе күтуге ыңғайлылығы жоғары орын.