Ташкент әуежайында пневматикалық тапанша алып өтпек болған азамат ұсталды
Ташкент халықаралық әуежайында пневматикалық тапанша алып өтпек болған адам ұсталды.
Кеден комитетінің хабарлауынша, оқиға 21 тамызда болған.
Шекара-кеден бекетінің қызметкерлері «Санкт-Петербург-Ташкент» бағытында ұшқан шетелдік азаматқа тиесілі сөмкені тексерген кезде оның ішінде пневматикалық қару бар екені анықталған.
«Жүктің ішінде кедендік бақылауға белгіленген тәртіпте ұсынылмаған және ішкі істер органдарының тиісті рұқсаты болмаған пневматикалық қару мен 290 шар (золдыр) бар екені анықталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.