English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент су спортынан Орталық Азия чемпионаты өтеді
13:19 / 2025-05-14

14–18 мамыр күндері Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясына қарасты Су спорты сарайында «Су перісі» атты синхронды жүзу бойынша, ал 19–23 мамыр күндері жүзуден І Орталық Азия чемпионаты өтеді.

Аталған жарыстар Өзбекстанның Спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті, Кәсіподақтар федерациясы, «Uzbekistan Aquatics» федерациясы және басқа да әріптес ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

U-12 және U-15 жас санаттары арасында өтетін синхронды жүзу жарысына Өзбекстан, Ресей, Болгария, Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Беларусь сынды елдерден 200-ге жуық спортшы қатысады. Олар 186 медаль жиынтығы үшін бақ сынайды. Бұл жарыста Өзбекстанның намысын 66 спортшы қорғайды.

Жүзуден өтетін жарыстарда «A», «B» және «C» жас санатындағы спортшылар бақ сынайды. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан құрамалары 168 медаль үшін өзара сайысқа түседі.