«Ташкент-Самарқанд» ақылы автожолы жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді.
Самарқанд облысының автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, ұзындығы 305 шақырымды құрайтын 6 жолақты халықаралық стандартқа сай тас жол «Автомагистралдың» талаптары негізінде салынады.
Барлық тораптар мен құрылыстардың үстінен жаңа көпірлер мен эстакадалар салынып, интеллектуалды көлік жүйесін орнату жоспарлануда. Ақылы жолдың құрылысы қолданыстағы жалғыз жолға түсетін жүктеменің бөлінуіне әкеледі.
Жол төсемінің көтергіштігі халықаралық стандарттар бойынша 13 тоннаны құрайды. Жолдың қызмет ету мерзімі – 25 жыл.
Жобаның бастапқы техникалық-экономикалық негізін Еуропалық қайта құру және даму банкі бөлген 350 мың еуро гранты есебінен «ILF Consulting Engineers Austria GmbH» австриялық компаниясы әзірлеген. ЕҚҚБ техникалық-экономикалық негіздерін дамытуға жалпы сомасы 1,5 млн доллар бөлген.
Тендер негізінде жобаны жүзеге асыру үшін түрік компаниясы «Proyapı Mühendislik ve Müşavirlik A.Ş.» таңдалған.