Ташкент қаласының аумағы кеңейді
Ташкент облысының 19729,41 гектар жері Ташкент қаласына берілді.
Яғни, Ташкент облысындағы 19729,41 гектар жер, оның ішінде Жоғарғы Шыршық ауданынан 17323,32 гектар, Орта Шыршық ауданынан 2406,1 гектар жер Ташкент қаласының Жаңа Ташкент ауданы құрамына өтті.
Бұл туралы Халық депутаттары Ташкент облысы Кеңесі тиісті шешім қабылдады.
Бұған дейін Олий Мажлис заң шығару палатасының шешімі жобасына сәйкес, Ташкент қаласында 20 мың гектар аумақта 13 аудан құрылатыны хабарланған болатын. 13 наурызда Ташкент облысының Халық депутаттары Кеңесі Ташкент облысынан Ташкент қаласына 19729,41 гектар жерді беру туралы шешім қабылдады.
Осыған орай Жоғары Шыршық ауданындағы 33 елді мекен мен махалла, оның 20-сы толық, 13-і ішінара, Орташыршық ауданындағы 4-і толық, 3-і жартылай Ташкент қаласы құрамына өтеді.