Ташкент қаласының аймақтық сайлау комиссиясы сайлауға дайындық жұмыстарын қарқынды түрде жалғастыруда. Комиссия өкілдерінің мәліметі бойынша, Ташкент қаласының 12 ауданында жалпы 50 сайлау округі мен 861 сайлау учаскесі құрылған. Әр учаскеде орта есеппен 3 мыңға дейін сайлаушы тіркелген. Сайлауға санаулы күндер қалғанда, барлық сайлау учаскелері қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, толық дайындыққа келтірілді.
Сайлау үдерісін лайықты өткізу мақсатында учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, орынбасарлары және хатшылары үшін үш күндік интерактивті оқу-семинарлары ұйымдастырылды. Бұл оқулар учаскелік комиссия мүшелерінің саяси білімі мен тәжірибесін арттырып, жаңа жүйе аясында өтетін сайлау процесі туралы жан-жақты мәліметтер берді.


Биылғы сайлаудың басты жаңалықтарының бірі – электронды дауыс беру жүйесінің енгізілуі. Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша, заманауи технологияларды қолдану және сайлаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында сынақ ретінде Ташкент қаласындағы 10 сайлау учаскесінде электронды дауыс беру жүзеге асырылмақ. Осыған байланысты, аталған учаскелерге қажетті электронды дауыс беру құрылғылары орнатылып, сайлаушыларға дауыс беру тәртібі жан-жақты түсіндірілуде.


Қорыта айтқанда, Ташкент қаласының аймақтық сайлау комиссиясы сайлауға дайындық шараларын күнтізбелік жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен атқарып келеді.
М.Комилова, ӨзА