Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент қаласында V Еуразиялық фармацевтикалық саммит жұмысын бастады
21:35 / 2024-09-17

Ташкент қаласында 17-19 қыркүйек аралығында V Еуразиялық фармацевтикалық саммит жұмысын бастады.

Фармацевтика секторының жетекші компанияларының топ-менеджерлер қауымдастығы саналатын — Global Pharmaceutical Leaders’ Club, Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Фармацевтикалық өнімдердің қауіпсіздігі орталығы мен Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылған саммиттің басты серіктестері қатарында Asklepiy Group, NikaPharm, AstraZeneca, IQVIA, ProximaResearch, «Олайнфарм», STADA сынды компаниялар бар. 

100-ден астам спикердің қатысуымен өтіп жатқан шарада Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдеріндегі (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Армения, Грузия, Молдова, Беларусь және Моңғолия) мемлекеттік және коммерциялық фармацевтикалық нарықтарының даму тенденциялары талқылануда.

Атаулы саммиттің бағдарламасына 20-дан астам сессия енгізілген болып, оларда фармацевтикалық компаниялардың стратегиялары, нарықтардың инвестициялық әлеуеті, дәрі-дәрмектерді таңбалау, саланы цифрлық технологиялармен қамтамасыз ету және басқа да маңызды тақырыптар талқыланбақ. Сондай-ақ халықаралық сарапшылармен сұхбаттар, жетекші фармацевтикалық кәсіпорындар мен дәріхана желілерінің топ-менеджерлерімен кездесулер, реттеуші органдармен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.

Саммитті «Global Pharmaceutical Leaders’ Club» директоры Наталья Баева ашып, қатысушыларға жемісті пікірталас пен сәтті тәжірибе алмасуды тіледі. Іс-шара модераторы «IQVIA» Ресей және ТМД елдері бойынша консалтингтік тобының жетекшісі Ольга Макарова болды.

Ашылу салтанатында, ӨР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Фаррух Шарипов, Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің директоры Абдулла Азизов, Фармацевтикалық өнімдердің қауіпсіздігі орталығының директоры Алишер Темиров және Қазақстан, Әзербайжан, Молдова, Қырғызстаннан келген сарапшылар сөз сөйледі.

Соңғы жылдары әлем пандемиядан бастап экономикалық және геосаяси дағдарыстарға дейінгі бұрын-соңды болмаған жаһандық қиындықтарға тап болды. Бұл өзгерістер денсаулық сақтау жүйесінің қоғам әл-ауқатының негізгі тірегі екені айқын болды. Осы тұрғыда Өзбекстанның қол жеткізген жетістіктері мен медициналық және фармацевтикалық саланың перспективалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Айта кету керек, соңғы жылдары Мемлекет басшысының бастамасымен Өзбекстанда денсаулық сақтауды дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Негізгі жетістіктердің бірі – мемлекеттік бағдарламалар аясында ел бойынша 100-ден астам медициналық мекеме жаңғыртылды. Бұл, әсіресе шалғай аймақтарда медициналық қызмет көрсету деңгейін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.

2024 жылдың бірінші жартысында фармацевтикалық өнім өндірісінің көлемі 180 миллион доллардан асып, өткен жылмен салыстырғанда 115 пайызға өсті. Өнім экспорты бес есеге артып, Франция, Германия, БАӘ және Дания сияқты жаңа нарықтарға шықты. Салаға салынған шетелдік инвестиция көлемі 27,5 миллион долларды құрады, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 3,4 есе көп. Осы нәтиже сектордың айтарлықтай адымдап дамығаны және оның әлеуеті зор екенін көрсетеді.

2024 жылы Өзбекстанда медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған бірнеше білім беру бағдарламалары іске қосылды, олардың ішінде жетекші медициналық орталықтарда шетелдік тәжірибеден өту мүмкіндігі де бар.

Іс-шара барысында отандық фармацевтикалық өнімдерді коммерцияландыру мәселелері де талқыланды.

Сонымен қатар, алғашқы медициналық-санитарлық көмекке айрықша назар аударылды, өйткені ол денсаулық сақтау жүйесінің негізі саналады. Онда ауруларды ерте анықтауға, олардың дамуына жол бермеу және шағын медициналық мекемелерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шетелдік тағылымдаманы қамтитын медициналық қызметкерлерге арналған білім беру бағдарламалары халықаралық тәжірибені меңгеруге және оны ел аумағына енгізуге ықпал етеді.

Салаатты өмір салты, дұрыс тамақтану және физикалық белсенділік – созылмалы аурулардың алдын алудың маңызды бөлігі. Сондықтан Өзбекстанда азаматтарды ақпараттандыру және оларды сауатты тәрбиелеу арқылы салауатты әдеттерді қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.

V Еуразиялық фармацевтикалық саммитке қатысушылардың пікірінше, Өзбекстанн денсаулық сақтау және фармацевтика саласында көшбасшы екені байқалған. Медициналық инфрақұрылымды жаңғыртудағы жұмыстар, жаңа технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамыту – осы саладағы алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосуда. 

Іс-шараның соңында 2024 жылғы Eurasian Pharma Awards байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Өткен жылы «Жылдың үздік дәріхана желісі» номинациясында «OXYmed» желісі үздік деп табылған еді.

Саммит аясында «Asklepiy Group» дистрибьюторлық қоймасы және «Nika Pharm» дәрі-дәрмек өндіру зауытының жұмысымен танысу жоспарланған. 

А.Машрабханов, ӨзА