Ташкент қаласында тұрғын үйді жалға беру қызметінің бағасы бір айда 51,6 пайызға өскен
Өзбекстанда тұрғын үйді жалға беру қызметтерінің бағасы бір айда орта есеппен 16,1%-ға өсті.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың қазан айында тұрғын үйді жалға беру қызметтерінің бағасы қыркүйек айымен салыстырғанда бір айда орта есеппен16,1%-ға өскен.
Бұл ретте ең жоғары өсім Ташкент қаласында – 51,6 пайыз, ал ең төменгі өсім 1 пайызбен Хорезм облысында байқалды.
Тұрғын үйді жалға беру қызметтерінің бағасы жыл басынан бері орта есеппен 20,9 пайызға өскен болып, өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 24,2 пайызға көтерілді.