French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент қаласында шамамен 3 млн-ға жуық адам тұрады
15:25 / 2022-01-17

Өзбекстанның аймақтарында тұрақты тұрғындарының саны белгілі болды. Қазіргі кезде Ташкент қаласында шамамен 3 млн-ға жуық адам тұрады.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәлімдеметінше, 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны бойынша Самарқанд облысы көш бастап тұр – 4 031 299 адам.

Кейінгі орындарда 3 896 393 тұрғыны бар Ферғана облысы мен 3 408 313 тұрғыны бар Қашқадария облысы орын алған.

Қалған аудандардағы тұрақты халық санының көрсеткіші төмендегідей:

  • Әндіжан облысы – 3 253 501 адам;
  • Ташкент облысы – 2 941 620 адам;
  • Наманган облысы – 2 931 066 адам;
  • Ташкент қаласы – 2 860 511 адам;
  • Сұрхандария облысы – 2 743 196 адам;
  • Бұхара облысы – 1 976 866 адам;
  • Қарақалпақстан Р. - 1 948 496 адам;
  • Хорезм облысы – 1 924 167 адам;
  • Жызақ облысы – 1 443 380 адам;
  • Науаи облысы – 1 033 869 адам;
  • Сырдария облысы – 878 599 адам.

Еске сала кетсек, 2021 жылы Өзбекстан халқының саны күн сайын шамамен 2000 адамға көбейген. 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты тұрғындарының саны 35 271 276 адамды құраған.