Ташкент қаласында халықтың қоғамдық көлікті пайдалану деңгейі 2 есеге арттырылады.
Бұл туралы 19 қаңтарда Мемлекет басшысы қатысқан Ташкентте қоғамдық көлікті дамыту шаралары туралы презентацияда айтылды.
Ең алдымен Ташкент қаласындағы қоғамдық көліктердің саны екі есеге арттыру мәселесі Көлік министрлігі мен Ташкент қаласы әкімшілігінің басты міндеті ретінде белгіленді.
Онда халық игілігіне пайдалы болатын тарапын қарастыру, көліктің барлық түрлері – бағытты, теміржол және метро желілерінің, велосипед пен жаяу жүргіншілер қозғалысының өзара байланысын қоса алғанда, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің жүйелі тәсілі мен мақсаты басымдық болуы керектігі сөз болды.
Сонымен қатар, аймақтардан Ташкент қаласына келетін негізгі жолдарда заманауи 10 бекет, жолаушылар көп қатынайтын 6 метро станциясының жанынан автотұрақтар салу тапсырылды.
Биыл метрополитенінің «Қойлық-Қыпшақ» бағытындағы құрылысы аяқталады. Соның нәтижесінде автокөлікпен жүретін 70 мың адам қоғамдық көлікті пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Бұдан бөлек, алдағы 5 жылдағы жолаушылар тасымалының болжамына сүйене отырып, қоғамдық көлік жүйесінің экономикалық-математикалық моделін құру, Көлік университетінің ғылыми әлеуетін арттыру қажеттілігі айтылды.