English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент қаласында келеңсіз жағдайдың алдын алу шараларына 700 миллион сум бөлінеді
16:06 / 2023-04-10

2023 жылдың 2 сәуірінде жауған жауынның салдарынан Ташкент қаласындағы бірнеше көшені су басып, қолайсыз жағдай туындаған еді.

Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шавкат Умирзаков осы жылдың 7 сәуірінде қол қойған тиісті шешімге сәйкес, қаланың кәріз және су бұру жүйесін жөндеуге және жаңа бетонды латок төсеу үшін астаналық бюджеттің резервтік қорынан 700 миллион сум көлемінде қаражат бөлінетін болды. 

Бұл шаралар жаңбыр кезінде су тасқынының алдын алу үшін жасалуда.