English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент қаласына 1 мың жаңа автобус сатып алынады
12:28 / 2022-12-14

Ташкент қаласындағы қоғамдық көлік инфрақұрылымын жақстарту мақсатында 1 мың дана жаңа автобус сатып алынады.

2022 жыл ішінде Ташкент қаласындағы қоғамдық көлік құрылымына жауапты  «Тошшахартрансхизмат» АҚ 277 дана жаңа автобус және электробус сатып алған. Соған қарамастан, тұрғындар санының күрт артуына байланысты қолданыстағы 142 бағытқа белгіленгеннен әлдеқайда аз көлік қызмет көрсетіп келген. Салдарынан жолаушылар аялдамада 20-30 минут автобус күтуге мәжбүр болды. Кеше Ташкент қаласындағы 18-автобус паркінің тыныс-тіршілігімен танысқан Мемлекет басшысы бұл жағдайды қатаң сынға алып, аталған олқылықтарды жойып, қысқа уақыт ішінде қаладағы маршруттарға қосымша автобустар шығаруды сала басшыларына тапсырды. 

Президент тапсырмасымен Ташкент қаласындағы қоғамдық көлікті жақсарту, азаматтардың қоғамдық көлікке қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін 1 мың дана жаңа автобус сатып алынып, қаладағы автобус қатынау арасындағы қашықтықты 7-10 минутқа қысқарту көзделген.