Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент пен Сырдарияда баласын сатқан әйелдер ұсталды
10:18 / 2022-07-13

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) мен ішкі істер министрлігі өткізген жедел іс-шарада Ташкент қаласында тұратын 1994 жылы туған А.Ш. 2022 жылдың 15 маусымында туған баласын 35 мың АҚШ долларына сатып, болашақта баланы қайтармау туралы қолхат жазып жатқан жерінде ұсталды.

Сондай-ақ, осы заңсыз әрекетке көмектескені үшін 200 АҚШ долларын алған перзентхана акушері де қамауға алынды.

Тағы бір жағдайда, МҚҚ Сырдария облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің облыстық ІЖҚК департаментімен бірлесіп өткізген жедел іс-шара аясында 1993 жылы туған Х.Д. есімді азаматша 2018 жылы туған ұлын 16 мың АҚШ долларына сатқан кезде заттай айғақтармен қолға түткен.

Қазіргі таңда екі дерек бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.