Ташкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шавкат Умурзаков бастаған делегация Шанхай қаласының мэрі Гонг Чженмен кездесті.
Ташкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Шавкат Умурзаков кездесуде Өзбекстан мен Қытай арасындағы достық ежелден келе жатқанын айта келе, Ташкент қаласының даму перспективаларына тоқталды және жобаларды жүзеге асыруда бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды.

Гонг Чжен мырза Ташкент қаласымен қала әкімшілігін нығайту, туризм саласын дамыту, сыртқы сауда мен инвестиция көлемін арттыру бағытында ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

«Сондай-ақ, Ташкент қаласы үшін Шанхайдың қала құрылысы саласындағы бай тәжірибесін меңгеру және өзара ынтымақтастықты жалғастыру маңызды екені, екі ел арасындағы тарихи ынтымақтастықтың бүгінгі таңда жаңа стратегиялық деңгейге көтерілгені, бұл елдердің бастамаларымен тікелей байланысты екені баса айтылды», делінген хабарламада.

Ташкент қаласында қытайлық әріптестермен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан жобалар жайлы қысқаша ақпарат берілген.
Шанхай қаласының мэрі барлық ұсыныстарды қолдайтынын және жан-жақты көмек пен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірген.

Ведомство дерегінше, кездесу соңында Ташкент қаласы әкімдігі мен Шанхай мериясы арасындағы кездесу қорытындысы бойынша Ташкент пен Шанхай арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.