French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент пен Үрімші арасында тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілді
16:42 / 2023-07-03

Ташкент пен Үрімші арасында тікелей әуе қатынасы қайта қалпына келтірілді.

30 маусымда «Uzbekistan airways» АҚ Ташкент-Үрімші бағыты бойынша COVID-19 коронавирустық пандемиядан кейінгі алғашқы рейсін орындады.

Бұл бағыттағы әуе қозғалысы 2020 жылдың қаңтарында пандемияға байланысты тоқтатылған еді.

Осы оқиғаға байланысты Үрімжіде өткен салтанатты шараға Өзбекстанның Қытайдағы елшілігінің дипломаттары, «Uzbekistan airways» АҚ өкілдері қатысты.

Қытайдың іскер топтары өкілдерінің пікірінше, бұл бағыттағы әуе рейстерін қалпына келтіру екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық аясын одан әрі кеңейтуге жаңа серпін береді. Сонымен қатар, Қытайдың ең жақын аймағынан Өзбекстанға тікелей әуе қатынасының болуы да өзара туристік ағынның артуына оң әсерін тигізеді.

Еске сала кетейік, Ташкент-Үрімші-Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстер аптаның жұма күндері орындалады.