Ташкент пен Қазан арасында әуе рейстері ашылды
Ресейлік «UVT Aero» әуе компаниясы Қазан мен Ташкент қалалары арасында тікелей рейстер ашқанын хабарлады.
4 тамыздан бастап мұндай рейстер аптасына бір рет – жексенбіден дүйсенбіге қараған түнде орындалатын болады. Атаулы бағытқа «Bombardier CRJ-200» ұшағы қызмет көрсетеді.
«UVT Aero» Өзбекстанға ұшуға 2023 жылдың тамыз айында рұқсат алып, қыркүйек айынан бастап Қазан-Самарқанд-Қазан бағыты бойынша апта сайынғы рейстерді орындай бастады. Әуе компаниясының биылғы жылдың қысында Ташкент пен Бұхараға рейс ашу жоспары белгілі болды.