Үндістанның Махараштра штатында «Uzbekistan Airways» авиакомпаниясы сәуір айында Ташкент-Мумбай-Ташкент әуе қатынасы мен елдің тартымды туристік бағыттарын қалпына келтіруге арналған салтанатты тұсаукесер рәсімін өткізді.
«Dunyo» хабарлауынша, салтанатты шараға Махараштра штаты, соның ішінде оның әкімшілік орталығы – Мумбай қаласында жұмыс істейтін 100-ге жуық жетекші туристік ұйымдар мен агенттіктер және БАҚ өкілдері қатысты.
Шарада «Uzbekistan Airways» әуе компаниясының шет елдерге, соның ішінде Үндістанға ұшу географиясы кеңейіп жатқаны, сәуір айында Мумбайға рейстер қайта жанданғаннан кейін Үндістан қалаларына рейстер саны аптасына сегіз ретке дейін өсетіні айтылды.
Ташкент пен Мумбай қалаларының әуе арқылы қосылуы шамамен 120 миллион халқы бар Махараштра штаты мен оның көршілес аймақтарының тұрғындары үшін туризмнің жаңа бағыттарын, оның ішінде шаңғы тебу, қажылық, экологиялық турды дамыту, үйлену тойларын өткізу, кинорежиссерлердің фильмдер түсіру үшін жаңа орындарды ашуда қолайлы мүмкіндіктер береді.