Ташкент пен Киев арасында әуе рейсі жолға қойылады
Украинаның SkyUp авиакомпаниясы Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд қаласына тұрақты әуе рейстерін ашуды жоспарлауда
Украинаның SkyUp авиакомпаниясы Өзбекстанның Ташкент және Самарқанд қаласына тұрақты әуе рейстерін ашуды жоспарлауда.
Украинаның Өзбекстандағы елшісі Николай Дорошенконың «Dunyo.info» агенттігіне берген сұхбатында SkyUp авиакомпаниясы Киев – Ташкент және Львов – Самарқанд бағыты бойынша тұрақты рейстерді жолға қоюды жоспарлауде. Бұл рейстің екі жақты ұшу билеті шамамен 300 доллар болады деп күтілуде.
«Менің басты мақсатым - Украина мен Өзбекстан арасында тікелей рейстер ашу», - деген Николай Дорошенко.
Оның айтуынша, бұл бизнес үшін қолайлы жағдай жасап қана қоймай еңбек пен академиялық байланыстар үшін қызмет етеді және аймақтардың туристік әлеуетін дамыту мен бірге қоса екі елдегі азаматтардың туыстары мен жақындарының арасын біршама жақындата түспек.
«Менің ойымша, екі елдің арасын тікелей рейс арқылы жақындатудың басқа тиімді әдісін табу қиын шығар. Сондықтан осы жобаны өзбекстандық әріптестеріміз қолдайды деп сенемін», - деген дипломат.