French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент пен Исламабад арасында чартерлік рейстер қатынайтын болады
12:07 / 2021-01-05

Өзбекстан елшілігі Пәкістанның «Serene Air» әуе компаниясының коммерциялық бас директоры Халид Баширмен бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды «Dunyo» ақпараттық агенттгі.

Онлайн өткен шараға Өзбекстанның Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Улықбек Азамов, көлік министрінің орынбасары Жасурбек Чориев, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Музаффар Камилов қатысқан болып, онда Өзбекстанда қажылық туризмін дамыту аясында Исламабад пен Ташкент арасындағы чартерлік рейстердің техникалық мәселелері талқыланды.

Тараптар өзбек авиакомпанияларының Пәкістанға рейстер санын көбейту, атап айтқанда «Ташкент-Исламабад-Ташкент» бағытын ашу мәселесін қараған және Пәкістаннан жүк тасушы рейстерді жолға қою перспективалары мен әуе тасымалының географиясын кеңейту туралы уағдаласқан.

Кездесуде Serene Air» әуе компаниясының коммерциялық бас директоры Холид Башир авиакомпания Өзбекстанға тікелей рейстер ашуға дайын екенін айтып, бүгінде компанияның әуе паркінде 5 «Boeing 737-800» және бір «А-330» ұшағы бар және осы маркалы екі ұшақ 2021 жылдың қаңтар айының соңына дейін пайдалануға берілетінін жеткізген.