Ташкент пен Будапешт арасында тікелей әуе қатынасы ашылады
Ташкент пен Будапешт қалаларын тікелей байланыстыратын әуе қатынасы ашылады.
Көлік министрінің орынбасары Жасур Чориев Венгрияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дьюла Ковач және осы елдің Сыртқы істер министрлігінің өкілі Адриен Геобельмен кездесті.

«Өзбекстанның резидент авиакомпаниялары өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде тараптар Өзбекстан мен Венгрияның астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнатуға қатысты аспектілерді талқылады», делінген Көлік министрлігі хабарында.
Ведомство дерегінше, тараптар мәселенің техникалық-экономикалық аспектілері жан-жақты талқылап, жақын арада екі елдің құзырлы органдары өкілдерінің қатысуымен келіссөздер жүргізуге келіскен.