Ташкент пен Бейжің арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келтірілуде
Ташкент пен Бейжің қалалары арасындағы әуе қатынасы үш жылға жуық уақыттан кейін қалпына келтірілуде.
Uzbekistan Airways компаниясы Ташкент- Бейжің -Ташкент бағыты бойынша рейстерді қалпына келтіреді.
2023 жылдағы бірінші рейс 10 қаңтарында орындалады. Қытайға кіру үшін жолаушыларға виза және 48 сағаттан аспайтын жарамды ПТР тестінің нәтижесі қажет.
«Uzbekistan Airways» сайтындағы ақпаратқа сәйкес, билет бағасы 6,7 миллион сумдан басталады.
Еске сала кетейік, Өзбекстан мен Қытай 2020 жылдың ақпан айында коронавирустық пандемияға байланысты тұрақты рейстерді тоқтатқан болатын.