French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент пен Батуми арасында тікелей рейстер ашылады
11:29 / 2022-04-28

«Uzbekistan Airways» компаниясы Өзбекстан мен Грузия арасындағы тікелей рейстерді дамыту жолында жаңа бағыттарды ашуды жалғастыруда.

Компания дерегінше, 2022 жылдың 21 мамырынан бастап Ташкент – Батуми – Ташкент халықаралық бағыты бойынша маусымдық рейстер жолға қойылады.

Халықаралық осы бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері келесі кесте бойынша орындалады:

  • Сәрсенбі, Ташкенттен ұшып шығу: 14:30, Батумиге қону: 17:15, Батумиден ұшу: 18:45, Ташкентке қону: 23:00;
  • Сенбі күндері Ташкенттен ұшып шығу: 06:35, Батумиге қону: 09:20, Батумиден ұшу: 10:50, Ташкентке қону: 15:05 уақытына белгіленген.

Грузияға кіру үшін азаматтардан вакцинация туралы куәліктің түпнұсқа көшірмесі талап етіледі. Ол болмаған жағдайда, 10 және одан жоғары жастағы жолаушылар ПТР сынағының теріс нәтижесін көрсетуі керек (жарамдылық мерзімі 72 сағат). Тест алдын ала мақұлданып, тіркеуден өткен болуы керек.

Ташкент-Батуми бағытына билеттер 2 386 569 сумнан (жүксіз) және 2 746 353 сумнан (багажбен) сатылса, Ташкент-Батуми-Ташкент бағытында 4 070 059 сумнан (жүксіз) және 4 621 728 сумнан (багажбен) басталады.