Ташкент пен Алматы арасында жүрдек пойыз қатынауы қайта жолға қойылады
Өзбекстан мен Қазақстанды байланыстыратын Алматы-Ташкент пойызы аптасына үш рет қатынайды.
«Өзбекстан темір жолдары» АҚ хабарлауынша, екі жылдық шектеулерден кейін «Өзбекстан темір жолдары» АҚ мен «Қазақстан темір жолы» АҚ келісе отырып екі ел арасындағы теміржол қатынасын қайта ұйымдастырып жатыр.
Жүрдек пойыз 2022 жылдың 2 мамырынан бастап Алматы-Ташкент-Алматы 1/2 бағытында аптасына үш рет қатынайды. Пойыз әр сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Ташкент-Орталық вокзалдан Қазақстанға жолға шығатын болады.
«Talgo Tulpar» жүрдек пойызы әр дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алматы-2 вокзалынан Өзбекстанға тұрақты түрде қатнайды.