Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент облысының қалаларына электр пойыз қатынауы жолға қойылады
11:41 / 2022-09-23

Ташкент облысындағы «Бегабад», «Алмалық», «Шыршық», «Ангрен», «Янгиёл» және «Ахангаран» қалаларына заманауи электр пойыздарының қатынауын жолға қою жоспарлануда.

Бұл туралы Ташкент облысында өткен жиында Мемлекет басшысы мәлімдеп, қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы облыста саланы мүлде жаңа деңгейге шығаруға болатынын атап өтті.

Осыған байланысты шенеуніктерге индустриялық аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге 250 млпд сум бөлу, Ангрен қаласында каолин шикізатын терең өңдеуді ұйымдастыру, фарфор және керамикалық бұйымдар шығаратын кластер құру, Бекабад ауданында шекаралық сауда аймағын іске қосу және облыстағы 100 жергілікті кәсіпорынды экспорттаушыға айналдыру бағдарламасын жүзеге асыру тапсырылды.

Айтылған мәселелер мен ұсыныстарды негізге ала отырып, Мемлекет басшысы 840 ықшамауданның ішкі жолдарын жөндеу, 579 ықшамауданы ауыз және кәріз суымен қамтамасыз ету, 589 ықшамауданы жарық және газбен қамтамасыз ету, 396 ықшамаудандағы мектеп, балабақша, емхананы қамту бағдарламасын қабылдап, осы бағыттағы істерді жедел бастау міндетін жүктеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Ташкент облысындағы «Бегабад», «Алмалық», «Шыршық», «Ангрен», «Янгиёл» және «Ахангаран» қалаларына заманауи электр пойыздарының қатынауын жолға қою уақыты келгенін айтып, Көлік министріне тиісті шешім жобасын енгізуді тапсырды.