Ташкент облысындағы тау жотасында қар көшкіні байқалды
Ташкент облысындағы Шымған тау жотасының теңіз деңгейінен 2300-3000 метр биіктікте қар көшкіні байқалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта, Шымған тауы аймағында болған қар көшкіні оқиғасы 19 қаңтарында сағат 16:30 шамасында «Амирсой» тау-шаңғы курорты демалыс орнының алдында байқалып, теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте тоқтаған.
Қар көшкіні шамамен 60 мың текше метрді құраған. Оқиға Шымған тауының ішкі жағында елді мекеннен 4-5 шақырымдай жоғарыда орын алған.
Көшкін салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта барлық қауіпсіздік шаралары қабылданып, азаматтардың аумаққа кіруіне және қозғалысын шектеуге арналған қосымша белгілер орнатылуда.