Ташкент облысындағы газ құю бекеті ел бюджетіне 37 миллиардтан астам шығын келтірді
Ташкент облысындағы газ құю бекеті заңсыз газ пайдаланғаны анықталды.
2024 жылдың 17 ақпанында Энергетика министрлігіне қарасты «Узенергоинспекция» және тиісті ұйымдар Ташкент облысының Ахангаран ауданындағы автокөліктерге газ толтыру компрессорлық станциясында бақылау іс-шарасын өткізді.
«Осы ауданда «О.П.П.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарайтын «АГТКШ» тартылған газ құбырына жасырын жолмен қосымша желі тарту арқылы табиғи газды заңсыз пайдаланған.
Алдын ала есептеулер бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 37 миллиард 534 миллион сумды (25 миллион 23 мың текше метр табиғи газ) құрады», делінген хабарламада.
Қазір бұл жағдайға қатысты құжаттар рәсімделіп, құқық қорғау органдарына тапсырылған.