Ташкент облысы Алмалық қаласындағы бірлескен кәсіпорында жарылыс болды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға 15 маусым күні сағат 17:55-те «Аммафос-Максам» кәсіпорны аумағында жалға алу бойынша жұмыс істейтін «MAXAM-UZBEKISTON» бірлескен кәсіпорнының «Reaxit» өндірістік цехында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан цехтың құрылыс құрылымдары зақымданған. Оқиға орнына жақын тұрған жүк көлігінің жүргізушісі де зардап шеккен. Қазіргі уақытта жәбірленуші қалалық медицина бірлестігінде дәрігерлердің бақылауында.
Жарылыс салдарынан қаза тапқандар туралы жағдай байқалмады.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрінің жетекшілігімен облыс әкімдігі, прокуратура, ішкі істер министрлігі, Ұлттық гвардия және басқа да ұйымдардың өкілдері келген. Қазіргі кезде жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде, делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарында.