English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент облысында заманауи демалыс орны ашылады
19:15 / 2024-12-06

Президент Бостандық ауданында ұйымдастырылып жатқан жаңа туризм аймағында болды.

Мұнда қажетті инфрақұрылым жасалып, капсула тәрізді үйлерден тұратын заманауи демалыс орны құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, бұл жерде мейрамханалар, арқан жолдары және шаңғы тебу алаңдары салынбақ.

Айнасы бар капсула үйлердің ерекшелігі – олардың жеңіл, көшпелі әрі арзан болуы. Үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілмейтіндіктен, табиғатқа зиян келмейді.

Мемлекет басшысы мұндай үйлерді Бахмал, Шахрисабз, Байсун сияқты басқа да туристік аймақтарға орнату туристердің қызығушылығын арттыратынын атап өтті.