Ташкент облысы Паркент ауданындағы «Хожа» махалласы аумағында орналасқан үйлердің бірінен XVI-XVII ғасырларға тән мыс теңгелер табылды.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ғылым академиясының Ұлттық археология орталығы, Мәдени мұра агенттігі, Археологиялық зерттеулерді және археологиялық нысандардың мемлекеттік каталогын үйлестіру департаменті мыс монеталардың санын939 дана екенін анықтаған.
Мыс тиындар жер бетінен 40-50 сантиметр тереңдікте орналасқан диаметрі 115 сантиметрлік шұңқырда жиналған. Олардың қасында көлемі 25х25х5 сантиметрлік күйдірілген кірпіш кесегі, мен көгілдір сырлы және сырланбаған ыдыс кесектері табылды.
Табылған монеталардың бір бөлігі өңделіп, тазартылғаннан кейін олардың ішінде дөңгелек сақина және араб әрпімен жазылған жазу бар екені белгілі болды.
Хабарда айтылуынша, тазартылған монеталардың кейбірінің бір жағында «Зарб Ташкент» деген жазуы көрінген. Екінші жағын оқу мүмкін болмады. Алайда, бұрын анықталған монеталарға дәл ұқсас талдау жүргізгенде, жаңадан табылған қазына 16 ғасырдың соңы - 17 ғасырдың басына тиесілі екенін көрсетті.