Ташкент облысында халықты тұрғын-үймен қамтамасыз ету бойынша «Менің алғашқы үйім» жаңа ипотекалық бағдарламасы басталады.
Ташкент облысы әкімі лауазымына кандидаты қабылданған З.Мирзаев өз баяндамасында халықты баспанамен қамту мәселесіне тоқталып, бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі республика деңгейінен төмен болып қалып отырғаны атап өтті.
Мемлекет басшысы Ташкент облысы халық депутаттары Кеңесінің сессиясында жауапты кісілерге мынадай тапсырмалар берді:
- келесі жылы мұқтаж адамдар үшін тұрғын үй ипотекасына 100 миллиард сум субсидия бөлу;
- Зәңгіата ауданындағы «Жаңа Өзбекстан» массивін салуға ұсыныс енгізу;
– Облыстағы «Алмалық», «Шыршық», «Ангрен», «Бекабад», «Охангарон», «Нурафшан» және «Янгиёл» қалаларында тозығы жеткен 19 көпқабатты үйдің тұрғындарын заманауи баспанамен қамту шаралары қолға алу міндеттелді.
Президен облыстағы әрбір азаматқа жаңадан салынған үйге жеңілдікпен ипотека алу мүмкіндігін беру керектігін қадап айтты. Осыған орай келер жылдан бастап «Менің алғашқ үйім» жаңа ипотекалық бағдарламасын Ташкент облысынан бастау ұсынылды.