Ташкент облысында шатырдың құлауы салдарынан 3 адам қаза тапты
Ташкент облысы, Алмалық қаласындағы индустриалды аймақта орналасқан жаңадан салынған «3 мыс байыту зауытында» болат құрылымдардың опырылып құлағаны бейнеленген видео жарияланды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға 20 ақпан күні сағат 08:00 шамасында Алмалық қаласындағы Индустриалды аймақта орналасқан жаңадан салынып жатқан «3 мыс байыту зауытында» жауған қар салдарынан темір құрылымдары опырылып құлаған.

Қайғылы оқиға салдарынан құрылыс компаниясының 32 жұмысшысы (барлығы Үндістан азаматтары) зардап шеккен. Олардың 3-і оқиға орнында көз жұмды, 29-ы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен 4 азаматқа ауруханада қажетті медициналық көмек көрсетілген.
Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдарын зерттеу және зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жауапты ұйымдардың қатысуымен жұмыс тобы құрылған.