Өзбекстан Энергетика министрлігі Кореяның энергетикалық агенттігінің (KEA) қаражаты есебінен «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ базасында шағын күн электр станциясын салу жобасын бастады.
Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан Президентінің «Экономика мен әлеуметтік салада энергия тиімділігін арттыру, энергияны үнемдейтін технологияларды енгізу және жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі жедел шаралар туралы» №4422 қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқандығы аталып, соның негізінде Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданындағы «Нурли замин» шаруа қожалығының аумағында қуаты 40 кВт болатын шағын фотоэлектрлік электр станциясының құрылысы жобасы басталған.
Кореяның энергетикалық агенттігімен ынтымақтастықта басталған шағын күн электр станцияларын салу жобасы барысында, әлеуметтік салаға ерекше назар аударылатын болады. Бұл жағдай мемлекетте энергия үнемдейтін технологиялар мен жаңартылатын энергия көздерін кеңінен енгізуге ықпал етеді, делінген хабарда.