Ташкент облысында қуаты 20 МВт болатын жел электр станциясы салынып жатыр
Ташкент облысы Бостандық ауданында қуаты 20 МВт болатын жел электр станциясы салынып жатыр.
Республика аумағында барлық сала тәрізді энергетика жүйесі де жаңа даму кезеңіне өтуде. Бұл үшін білікті мамандар тартылып, қажетті ресурстар жұмылдырылуда.
Бостандық ауданында қуаты 20 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Аталған нысанды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Станция іске қосылғаннан кейін жылына орта есеппен 50 миллион кВт·сағат электр энергиясы өндіріледі. Нәтижесінде 15 миллион текше метр табиғи газ үнемделіп, атмосфераға шығарылатын 22 мың тонна зиянды қалдықтың алдын алу мүмкін болады. Сонымен бірге, станция шамамен 20 мың үй шаруашылығын электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.