English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент облысында құны 26 миллиард долларды құрайтын жобалар жоспарланған
21:47 / 2024-10-14

Ташкент облысының елордаға жақын орналасуы, еліміздің аймақтары мен халықаралық жолдарды байланыстыруы арқылы үлкен экономикалық әлеуетке ие. Кейінгі жеті жылда аймақта шамамен 9,4 миллиард доллар көлемінде инвестиция игеріліп, 143 мыңнан астам жұмыс орны және 5 миллиард долларлық экспорттық мүмкіндік жасалған.

Бұл қарқынды жалғастыру арқылы 2024-2026 жылдарға жалпы құны 26 миллиард доллар болатын 125 жоба жоспарланған. Оның 21-і стратегиялық, 52-і салалық, ал қалған 52-і аймақтық жобалар. Осы бастамалардың нәтижесінде 42 мың жұмыс орны ашылатын болады.

Мемлекет басшысына жалпы құны 3,4 миллиард доллар болатын 11 жоба таныстырылды. 

Оған Қытай, Оңтүстік Корея, Түркия, Сауд Арабиясы, Ресей, Әзірбайжан сияқты елдердің компаниялары мен жергілікті кәсіпкерлер инвестиция салуда. Тоқыма, азық-түлік, медицина, электротехника, энергетика, құрылыс материалдары, геология, қызмет көрсету және басқа да салалардағы бұл жобаларда 23 мың жұмыс орны ашылады.

Мысалы, Қытай инвесторларымен бірлесіп, Алмалық қаласында «Ұлы Жібек жолы» индустриалды технопаркі құрылады. Онда электротехника, тоқыма, құрылыс материалдары, фармацевтика сияқты бағыттарда 100-ге жуық кәсіпорын орналастырылып, 3 мың жаңа жұмыс орны ашылып, жылына 5 триллион сумдық өнім шығарылады.

Ал «Зеңгіата» ауданында Оңтүстік Корея инвесторларымен бірге бауыр, буын, көз және ми қызметін емдеуге арналған дәрі-дәрмектер шығару өндірісі ұйымдастырылады. Мұнда 200 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Мемлекет басшысы инвесторлар үшін барлық жағдайды жасау, жобалардың әр кезеңін бақылап, мәселелерін шешу жөнінде нұсқаулар берді.