French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент облысында күн фотоэлектр станциясы іске қосылды
14:11 / 2021-03-05

Ташкент облысы Жоғары Шыршық ауданында қуаты 40 кВтты шағын күн фотоэлектр станциясы пайдалануға берілді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Корея Республикасының Энергетика агенттігінің қаражаты есебінен Ташкент облысы Жоғары Шыршық ауданындағы «Нури Замин» аумағында шағын күн электр станциясы 5 наурызда іске қосылды.

Атаулы станция жылына 100 мың кВт/сағ электр қуатын өндіреді және осы жылдың соңына дейін қуаттылығы 100 МВт болатын 2 ірі күн фотоэлектрлік электр стансасы пайдалануға беріледі.