2024 жыл 15 мамырда Мемлекет басшысының «Өңірлерде жастардың цифрландыру және шет тілдерін меңгеруі үшін қосымша жағдайлар жасауға бағытталған «IT-қалашықтардың» қызметін ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданды.
Осы мақсатта Ташкент облысы Паркент ауданы «Самсарак»ауылында «Villayat Samsarak: CREATIVE ECO IT VILLAGE» жобасының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, осы ауданда құру жоспарланған «IT-қалашық» құрылысы басталды.
Оған Цифрлық технологиялар министрі Шерзод Шерматов қатысты.
«Villayat Samsarak» экоауылы – жасыл және креативті экономика аясында жұмыс істейтін және Ташкент облысының туристік әлеуетін дамытуға және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыратын «Villayat» компаниялар тобының тәжірибелік жобасф саналады.
Айта кету керек, «IT-қалашық» жастардың аймақта маман иесі болып, дамып, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру арқылы қоғамға өз үлесін қосу және осы саланы одан әрі дамытуға арналған бірегей орын болары көзделген.