Ресейлік «GAZ Group» автокөлік компаниясы мен Ташкент облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы автокөлік өндіруші сайтында жарияланған.
Ынтымақтастық шеңберінде Ташкент облысының аумағында жеңіл коммерциялық және орташа ауырлықтағы ГАЗ автокөліктерін, сондай-ақ олардың негізінде арнайы техникалар өндірісін ұйымдастыру жоспарлануда. Тараптар бұдан бөлек, «GAZ Group» компаниясының аймақтағы автопарктерді жаңартуға арналған жабдықтар, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік-медициналық салалар, қалалық және қала маңындағы жолаушылар тасымалы, шағын және орта бизнеске арналған көлік құралдарын негізге ала отырып, кешенді көлік шешімін әзірлеуге ниетті.
Сәуір айында «GAZ Group» Өзбекстанға медициналық көліктерді, оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер жеткізген болатын. Автокөліктерді тапсыру рәсімі «Иннопром» халықаралық көрмесі аясында өтті. Қазіргі меморандум да сол көрмеде қол жткізілген келісімдер аясында жалғасуда.