Ташкент облысында 5 мың тонналық жанармай цистернасынан өрт шықты
26 қарашада сағат шамамаен 12:00-де Ташкент облысы, Шыназ ауданындағы «Мақта Мұнайбазасы» ғимаратында 5 мың тонналық жанармай цистернасы өртенді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жағдай толық бақылауға алынған. Апат орын алған мекенге бірнеше минут ішінде Ташкент облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 14 өрт сөндіру-құтқару бригадасы келіп, цистернадан шыққан өртті сөндіріп жатыр.

Құтқарушылардың айтуынша, өртті толықтай сөндіруге 1 сағаттай уақыт кетеді және осы жағдайға байланысты қаза тапқандар туралы әзірге хабарланған жоқ.