Ташкент облысында жалпы 891 орта мектеп бар. 26 сәуіріндегі жағдай бойынша 72 орта мектептің 100 оқушысы мен 42 мұғалімінде коронавирус инфекциясы анықталған болып, 64 мектеп толықтай карантинге жабылды және 8 орта мектептің 11-сыныптары онлайн-оқытуға көшірілді.
Әкімдіктің хабарлауынша, облыста 514 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді. Солардың 9-нан коронавирустық жағдайы тіркеліп, 7 мекеме толығымен жабылды және 2 топ онлайн режимінде ауыстырылды.
Сондай-ақ, Бостандық ауданындағы 1, 2 нөмірлі кәсіптік мектептер, Шыршық қаласындағы Шыршық медициналық колледжі, қалалық академиялық лицей, Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты, Ташкент мемлекеттік дене шынықтыру университеті, 7 нөмерлі музыка және өнер мектебі, Алмалық қаласындағы «МиСИС», И.Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті филиалының бір тобы қазір жұмысын онлайн режиміне көшірген.
Ташкент облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, 26 сәуірде облыста 55 адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылған.
Бұған дейін, Самарқанд қаласында коронавирус жұқтыру көрсеткішінің артуына байланысты 27 сәуірден бастап барлық мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер жабылып, оқу процесі онлайн режимде жалғасатыны хабарланған еді.