Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент - Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейстерінің саны артады
17:00 / 2021-02-11

Өзбекстан мен Қазақстанның авиация әкімшіліктері арасындағы келісімге сәйкес Ташкент - Нұр-Сұлтан бағытында әуе рейстерінің саны артады.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, осы жылдың 15 ақпанынан бастап Ташкент - Нұр-Сұлтан - Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстер саны әр тараптан эпидемиологиялық жағдайға байланысты аптасына 1-ден 2-ге дейін көбейтіледі. 

Онда Өзбекстан тарапынан «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы Ташкент - Нұр-Сұлтан - Ташкент бағыты бойынша тұрақты рейстерді екі рет – аптаның сейсенбі және жұма күндері ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы бағыттар бойынша көрші елдің «Air Astana» әуе компаниясы рейстер жасайды деп күтілуде.