Ташкент метросының жаңадан ашылған бағыты 1 қаңтарға дейін тегін болады
26 желтоқсан күні Ташкент жер үсті мертосының Сіргелі бағыты пайдалануға берілген еді.
«Өзбекстан темір жолдары» баспасөз қызметінің хабарлауынша, метрополитеннің жаңа желісі іске қосылған күннен бастап 2021 жылдың 1 қаңтары таңғы сағат 8:00-ге дейін осы бағыттағы «Бекет-1», «Бекет-2», «Бекет-3», «Бекет-4» «Бекат-5» станциялары аралығында жолаушылар тасымалы тегін болады.
Ақысыз жолаушылар тасымалы тек мертоның Сіргелі бағытында ғана жарамды болып, жолаушы Чыланзардан (сонымен қатар Алмазар станциясынан) бағытын жалғастырса жолақы төленеді, делінген хабарламада.