English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент метросының тағы бір бағыты пайдалануға берілді
17:11 / 2020-12-26

Бүгін 26 желтоқсан күні Ташкент жер үсті мертосының Сіргелі бағыты пайдалануға берілгеніне орай Президент Шавкат Мирзияев атаулы көлік нысанының жұмысымен танысты.

Ұзындығы 7 шақырымдық теміржол бойында бес станция салынған болып, метрополитеннің «Алмазар» метро станциясы арасында 580 метрлік туннель салынды, ол жер асты және жер үсті метро жолдарын байланыстырады.

Станциялар заманауи технологиялар, электронды турникеттер, эскалаторлар және үздік лифттермен жабдықталып, ұлттық дизайн негізінде безендірілген. Бұл бағытта 214 қызметкер жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Жаңадан пайдалануға берілген метро бағытының қолайлықтарымен танысқан Мемлекет басшысы: - Биыл экономика үшін де, халқымыз үшін өте қиын жыл болды және ол әлі де жалғасуда. Бірақ біз бұл қиындықтарды мүмкіндігінше азайту үшін күн сайын жұмыс істеп келеміз. Экономиканы дамыту, нарықты кеңейту, адамдарға табыс көзін құрудың жолдарын іздеудеміз. Барлық мәселе жергілікті жерде шешілетін болады. Неліктен? Жақсымыз да, жаманымыз да махаллада, - деді Шавкат Мирзияев.

- Бұқаралық ақпарат құралдарына рахмет. Олар мемлекетіміздің жауы емес, досы. Егер олар әділдік пен шындықты дауыстап айтпаса, басшылардың аяғы бірден жерден құлап кетеді. Халқымыз айтқандай, ескі шапаныңды үйіңе іліп, кім екеніңді ұмытпа, барлық басшылар өздерінің осы ұлттың балалары және өкілдері екендіктерін әрдайым есте сақтаулары керек. Біз еліміздегі тыныштықты бағалап, халқымызға лайықты жағдай жасауымыз керек, - деді Мемлекет басшысы.

Жаңа метро бағытында күніне 35 мыңға адамға жуық жолаушы қатнауы мүмкін. Сондықтан оның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық маңызы зор. Мәселен, Сіргелі ауданын Ташкенттің орталығымен байланыстыратын тас жол жиі кептеліске ұшырайды. Нәтижесінде отын шығыны артып, зиянды газдардың көп мөлшері атмосфераға таралады. Адамдар кешігеді, нәтижеде ыңғайсыздық пайда болады. Жаңа метрополитен бұл тұрғыдан тұрғындарға өте ыңғайлы әрі оңай жағдай жасайды.

Метрополитеннің соңғы станциясында Сіргелі бағытының Қойлық бағытымен байланысы жайлы метроның келесі кезеңдерінің құрылысы туралы презентация өтті.