Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент метросында өзін пойыздың астына тастаған ер адам оқиға орнында көз жұмды
12:30 / 2022-02-25

2022 жыл 24 ақпан күні Ташкент метросында ер адам өзін пойыз астына тастауы салдарынан көз жұмды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, оқиға 24 ақпан кешкі сағат 21:15те Ташкент метросының «Мырза Ұлықбек» станциясында болған. 

Онда, жүріп бара жатқан пойыз астына өзін тастап оқиға орнында көз жұмған азамат Сырдария облысы, Сардоба ауданында тұратын 1984 жылы туған Е.Ш. есімді жан екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі іс-шаралар жүргізіліп жатқаны хабарланды.