Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Ташкент метросында жетоннан пайдалану қараша айынан бастап тоқтатылады
19:23 / 2020-10-08

Ташкенттегі қоғамдық көліктер мен метрополитенге толық автоматтандырылған төлем жүйесін кезең-кезеңімен енгізу процесіне жүргізілуде


Ташкенттегі қоғамдық көліктер мен метрополитенге толық автоматтандырылған төлем жүйесін кезең-кезеңімен енгізу процесіне байланысты Ташкент метросында жетондарды пайдалану 1-ші қарашадан бастап тоқтатылады.

Қазіргі уақытта Ташкент метрополитенінің барлық бағыттарындағы бекеттер стационарлы валидаторлармен жабдықталған болып, олар жолаушыларға бірыңғай көлік картасы немесе NFC банк карталары арқылы жол ақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қалалық жолаушыларға қызмет көрсететін «Тошшахартрансхизмат» АҚ-ның 1000-нан астам автобустары толығымен мобильді және стационар валидаторлармен жабдықталған, бұл төлемдерді электронды карталар арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Бірыңғай көлік карталарының шотын метро кассалары, айлық жол жүру билетін сату киоскілер мен барлық электронды төлем жүйелері, сондай-ақ ATTO-мобильдік қосымшасы арқылы толтыруға болады.