Ташкент метросында жаңа пойыздар жолаушыларды тасымалдай бастады
Ташкент метросында Ресейден әкелінген жаңа пойыздар жолаушыларды тасымалдай бастады.
«Өзбекстан Темір жолдарының» мәліметінше, өткен аптада әкелініп, таныстырылған жаңа метро пойыздары 6 қыркүйекте Ташкент тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсете бастады.
Жаңа пойыздар жолаушылар ағыны ең көп «Чиланзар» бағыты бойынша үш пойыз өз қызметін бастады. Қалған екі метро пойызы жақын арада осы бағытта жүретін болады.
Ташкент метросының осы бағыты бойынша пойыздар арасындағы интервал таңертең сағат 07:30 -дан 9:00-ге дейін 3 минутты құрайды, ал кешкі қарбалас уақытта, 16:30-дан 19:30-ға дейінгі аралықта әрбір 4 минут сайын қатнауын жалғастырады, делінген хабарламада.