Ташкент метросында зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетіледі
Ташкент метросының толыққанды жұмысы кезінде зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетіледі.
Президенттің тиісті қаулысымен 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Ташкент метросының толыққанды жұмысы кезінде зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетілетін болды.
Бұл ретте Ташкент метрополитенінің осы тармақта айтылған қызметтерді көрсеткені үшін алынбаған кірістері Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік бюджетінің қаражаты есебінен жабылады.
Еске салар болсақ, 2017 жылдың наурыз айының басынан бастап Ташкент метросында зейнеткерлер үшін жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін қозғалыс тегін болды.